Әкім Мұзтау шыңына шыққан альпинистерді күтіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Қазақстанның 20 тау шыңы» экспедициясының альпинистер тобын күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, «Қазақстанның 20 тау шыңы» экспедициясын «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырған болатын. Даниал Ахметовтың айтуынша Мұзтау шыңы альпинистердің ғана емес, әлемнің түрлі діни ағымдарының өкілдерінің де қызығушылығына ие. Дәл осы Мұзтау маңайына жыл сайын Тибет монахтары келеді. Өйткені, Алтай өңірі Шамбала қақпасы (бірнеше мәрте ежелгі мәтіндерде, соның ішінде Калачакра-тантрда ескертілген Тибеттің немесе Азияның басқа да аймақтарындағы аңыз елі) болып табылады.
«Алтай - әлемнің бесігі», - дейді Даниал Ахметов өңірдің түрлі археологиялық олжалары туралы сөз қозғай келе.
Аталмыш экспедиция үш өңірді: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарын, әсіресе, Тянь-Шаньның батыс және солтүстік жағының басым бөлігін қамтиды. Маршрут әрі қарай көпшілік туризмді дамыту бағытында жаяу, тау маршруттары және альпиадаларға қызықты болатын нысандарды барынша қамтуға тырысқан.
Іс-шараға 100-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында кәсіби альпинистер, тәжірибелі саяхатшылар, журналистер, танымал интернет-блогерлер бар. Экспедиция аясында қазіргі бар турөнімдер толғырақ зерттеліп, жаңа туристік маршруттар жасалатын болады.
Кездесу барысында альпинистер экспедиция жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісіп, жолда кездескен қиындықтарын баяндады. Даниал Ахметовтың өзі де тауды және осы сияқты экспедицияларды ұнататындығын, осыдан үш жыл бұрын өзі де Мұздауды бағындырмақшы болғандығын, әйткенмен жұмыс пен уақыттың аздығы мүмкіндік бермегендігін айтады.