Әкім нан бағасын бақылай алмағандарға сөгіс жариялады
Нан бағасының күрт өсуіне әкелген жағдайға уақытында шаралар қолданбағаны үшін кәсіпкерлік бөлімінің, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары және осы бөлімдерге жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары сөгіс алды. Сәуір айының басынан бастап қалада бірінші сұрыпты нанның бағасы өскен болатын.
«Бағаның өсуі - әкімдіктің жауапты қызметкерлерінің сапасыз жұмыстарының салдары. Мұндай өсімді алдын ала болжап, кәсіпкерлермен өзара әрекет жасауға болатын еді» - деді Жақсылық Омар аппараттық мәжілісте.
Бағаның өсу себептерін анықтап, реттеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.
Топ мүшелері үш наубайханамен әлеуметтік сауда нүктелерінде нанды 65 теңгеден сату туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлім етті.