Әкім Өскемен кәсіптік мектебіне «Нива» көлігін тарту етті
бірақ курс нұсқаушысы, мектепте машина болмауы салдарынан оқушыларды өзінің жеке көлігімен үйретіп келген. Кеше мектеп директорына жергілікті зауытта құрастырылған су жаңа «Нива» көлігінің кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Негізгі дағдылар мен шеберліктер мектеп қабырғасында қаланады, сондықтан мектепте материалдық-техникалық базаның болғаны өте маңызды», деп атап көрсетті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сыйлықты табыс етіп тұрып.
«Ол үшін мемлекет қазір лайықты қаржы бөліп отыр. Біздің аймақта облыс бюджетінің жартысынан астамы білім саласына қарастырылған шығысты құрайды. Олар - ұзақмерзімдік инвестициялар, қаржы балаларға - біздің болашағымызға арналып отыр», деді әкім өз сөзінде.
Енді машина жүргізуді жақын маңдағы мектептің оқушылары да үйрене алатын болды.