Әкім тұрғындарды Ақмола облысында демалуға шақырды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин демалыс күнін табиғат аясында шаңғы тебумен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жексенбі күні Ақмола облысы Зеренді ауданында Елікті шаңғы тебу базасына отбасымен барып қайттық. Ұлдарым алғаш рет сноуборд пен шаңғыны теуіп көрді. Біраз әсер алып, руxтанып қалдық. Өзім шаңғы, ал үлкен ұлым сноуборд тепті. Барлықтарыңызды Ақмола облысына демалуға шақырамын», - деп жазады әкім өзінің парақшасында.
Əкімнің бұл əрекетін əлеуметтік желі қолданушылар құптайтындықтарын айтып, пікір қалдырған.