Әкім Түймебаевтың республикадағы алғашқы жұмыс сапары жәрмеңке аралаудан басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоғыз күн бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Жансейіт Түймебаевтың республикадағы алғашқы жұмыс сапары жәрмеңке аралаудан басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null
Бүгін ол Астана әкімі Әсет Исекешевпен бірге «Хан-шатыр» ойын сауық орталығының жанында өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралап көрді. Оңтүстіктің шаруалары Астанаға 300 тоннадан астам азық-түлік әкеліп, елорда нарығындағы бағадан 15-20 пайыз арзан бағаға сатып жатыр.  Облыс әкімі Ж.Түймебаев азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермейтін мұндай жәрмеңкелерді  жиі ұйымдастыру қажет деген ойын айтты.

null null null null null  

Жалпы, оңтүстіктен келген 304 тонна азық-түліктің 60 тоннасы -  ет, 126 тоннасы көкөніс, 29 тоннасы жеміс-жидек, 7 тоннасы сүт өнімдері, 5 тоннасы шұбат болса, шаруалар тағы 25 мың дана жұмыртқа, 40 тонна бақша өнімдерін, 7 тонна балық, 7 тонна бал, 3 тонна өсімдік майы мен 5 тонна кептірілген жеміс әкелген екен. Бұл өнімдердің ортақ жалпы құны 100,8 млн теңге. Жәрмеңке ертең, яғни жексенбі, 16 қазан күні бітеді,

Әкімнің баспасөз қызметі хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шарушылығы бағытында жүйелі жұмыстар атқарып, толағай табыстарға жетіп отыр. Атап айтқанда биыл облыс шаруаларым 470 мың тонна астық жинаған екен, яғни, бір гектардан 22 центнер бидай орылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» жобасы аясында Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтіп жатыр.

null null  

Соңғы жаңалықтар