Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталықта Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кеші болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы кеште режиссер Гауһар Төлекбаеваның Ә.Ысқақ туралы «Талант пен тағлым» деректі фильмі көрсетілді.

Белгілі әншілер Әкім Ысқақтың әндерін орындады.

Ақтөбе жастар театрының директоры Орал Байсеңгір, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері Кеңес Нұрланов, Мейрам Қайсанов қаламгердің қара сөздерін оқыды.

«Ердің жасы - елуге» толған Әкім Ысқаққа ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі Төрағаларының және Қазақстан Жазушылар одағының құттықтаулары табыс етілді. Жазушы, Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл, қаламгер Жолтай Әлмашұлы және бірқатар әріптестері ыстық ықыластарын білдіріп, ақын-сазгер Әкім Ысқақтың шығармашылық жетістіктері жайлы ой толғады.

Еліміздің өнеріне сіңірген еңбегіне орай Әкім Ысқаққа ҚР Мәдениет министрлігі «Мәдениет қайраткері» атағын берді. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұстаздық еңбегі мен «Жүректегі жазулар» және «Адам іздеп жүрмін» атты педагогикалық-танымдық эссе кітаптары үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медальді табыс етті. Сонымен қатар генерал Сабыр Рақымовтың ерлігі мен өмірі жайлы мақалалар сериясын жазып, кітап шығарып, жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулығаны үшін Республикалық Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы Бауыржан Момышұлы медалін ақын-сазгердің омырауына тақты.

Соңғы жаңалықтар