Әкімдер «Әкімшілік процедуралар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарды нашар біледі - Ә.Бәйменов

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Қала және аудан әкімдері «Әкімшілік процедуралар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарды нашар біледі.
None
None

Бұл туралы «КТК» телеарнасындағы «Халық қызметшісі» бағдарламасы барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

«Шындығымды айтсам, мен ортақ нәтижеге іштей дайын едім. Қазіргі көптеген мемлекеттік қызметшілер өте қарқынды дайындалғандай көрінген еді. Бірқатар облыстардың әкімдері біздің тәртіптік кеңестермен апталық семинарлар да ұйымдастырған болатын. Бір облыстың әкімі тіпті, тест тапсыруға дайындалулары үшін қалалар мен аудандар әкімдерінің ұялы телефондарын 2 күнге алып қойған», - деді ол.

Оның атап өтуінше, тест тапсыру барысында заңдарды жатқа білу міндетті емес. Өйткені әрбір заңның өзінің ішкі логикасы бар. Тест тапсырушы төрт нұсқаның бірін таңдау барысында «ойлау жүйесін іске қосып», дұрыс жауапты таңдай алады.

Сонымен қатар Ә.Бәйменовтің сөзіне қарағанда, тестілеу мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе, қалалар мен аудан әкімдерінің «Әкімшілік процедуралар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарға қатысты білімдерінің төмен екендігін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар