Әкімдер халық талап еткен кезде көпшілікпен кездесіп, әлеуметтік желіде онлайн трансляцияға шығуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы әкімдерге бірқатар міндеттер жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдер халық талап еткен кезде көпшілікпен кездесіп, әлеуметтік желіде онлайн трансляцияға шығуы тиіс

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдеріне жыл сайын 15 қаңтарға дейін бірқатар іс-шараларды атқару тапсырылған.

Барлық деңгейдегі әкімдер:

1) халықтың талап етуі бойынша және қажет болған кезде күнтізбеден тыс халықпен кездесу өткізсін;

2) техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда міндетті түрде пікір білдіру мүмкіндігімен онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін;

3) кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігін баяндаманы таныстырумен, уақыттың қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматында өткізсін.