Әкімдер сайлауы тамызда өтеді

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Ауыл әкімдерін сайлау ағымдағы жылдың тамыз айында өтеді.

Әкімдер сайлауы тамызда өтеді

Бұл туралы бүгін Астанада БАҚ өкілдеріне ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ҚР Президенті тапсырмасына сәйкес сайлау шаралары осы жылдың қыркүйек айына дейін жүргізілуі тиіс.

«Сондықтан да сайлау тамыз айының ішінде өтуі мүмкін», - деді ол.