Әкімдер жедел жұмыс тобын құрып, бағаның негізсіз өсіміне жол бермеу шараларын қабылдауы қажет - Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімдер жедел жұмыс тобын құрып, бағаның негізсіз өсіміне жол бермеу шараларын қабылдауы қажет. Бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов осылай деді.

Әкімдер жедел жұмыс тобын құрып, бағаның негізсіз өсіміне жол бермеу шараларын қабылдауы қажет - Үкімет басшысы

Халық арасында дүрбелең мен күнделікті қажетті тауарлардың баға өсіміне жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдау қажеттігін баса айтқан С.Ахметов ұлттық валютамыздың жаңа курсына байланысты еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қайта есептеуді тапсырды.

«Сондықтан әкімдерге халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Сонымен бірге жедел жұмыс тобын құру және баға өсіміне жол бермеу шараларын қабылдау қажет. Бұл ретте тұрақтандыру қорларының ресурстарын тарту, сауда нүктелерін тауармен қамтамасыз етіп, олардың жұмыстарын ерекше бақылауға алу керек», - деді ол.

Үкімет басшысы сауда ұйымдарымен және жұмыс тобымен бірлесіп, дүкенер мен сауда орталықтарындағы бағаның негізсіз өсуін тексеруді қатаң тапсырды. «Яғни, бағаның негізсіз қайта қаралуы жергілікті атқарушы органдармен бақылануы тиіс», - деді Премьер-Министр.