Әкімдік БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан жарыс өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Астана қаласының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізетіні туралы хабарлайды.
None
None

Жарыс 25 маусымда Астанада «Кенесары көшесі, 14» мекенжайында орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Басталуы сағат 9:00-де. Қатысушылар өтінімдерді 23 маусым сағат 18.00-ге дейін бере алады.

Команда капитандары сағат 8.30-да жеребе тастауға келуге тиіс.

Жарыс форматы: топтық кезең және плэй-офф кезеңі. Плэй-оффқа өз тобында 1-ші және 2-ші орындарға ие болған командалар шығады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.

 

Соңғы жаңалықтар