15:05, 11 Маусым 2023 | GMT +5
Әкімдік қызыл жалынның Семей маңындағы Талица ауылына жақындағанын жоққа шығарды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде өрттің Семей қаласының маңындағы Талица ауылына жақындағаны және тұрғындарды эвакуациялау басталғаны туралы ақпарат тарады. Абай облысы әкімдігі бұл хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Талица, Каштак, Тепкаши ауылдарының тұрғындары алдын ала эвакуацияланып, Семей қаласының эвакопунктерінде болғанын мәлімдейміз. 11 маусымда олар үйлеріне қайтпақ болды, бірақ өрт жағдайының күрделенуіне байланысты қайтып оралды. Эвакуацияланған халық бүкіл қажетті заттармен, соның ішінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз» деп мәлімдеді әкімдіктен.