Әкімдік лимон мен имбир бағасының қымбаттап кетуіне түсінік берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда азық-түлік сатып алуға 5 млрд бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты.

Әкімдік лимон мен имбир бағасының қымбаттап кетуіне түсінік берді

«Біз 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынын 18 түрін сатып алу туралы келісімшартқа отырдық», - деді Еркебұлан Оразалин.

Оның айтуынша, сатып алынған азық қоры үш-бес айға жетеді және алматылықтардың толық қажеттілігін қамтамасыз етеді.

«Біз нарықтағы тауарлар бағасының өсуін тежеуге тырысамыз. Мәселен, Magnum гипермаркетінде картоптың бағасы 1 кг үшін 110 теңге, ал нарықта оның бағасы 200-ге жетеді. Сонымен қатар, лимон мен имбирдің бағасы қымбаттап кетті. Бұл таза нарықтық механизм, өйткені оларға сұраныс артты», - деп толықтырды Оразалин.