Әкімдікке кандидаттар сайлау алдындағы үгіт науқанына кірісті - ОСК
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта әкімдікке сайлауға түсуі үшін тіркелген барлық кандидаттар сайлау алдындағы үгіт науқанына кірісуге құқылы. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.
ОСК өкілінің айтуынша, кандидаттар науқан барысында таңдаушылармен жиналыстар, кездесулер өткізуге, сондай-ақ, баспа және өзге де үгіт материалдарын шығарып, таратуға құқылы. «Әрбір кандидат өзіне сайлау науқанын және сайлау алдындағы үгітті жүргізуге көмектесетін сенім білдірген адамдарының болуына құқылы. Олардың саны 5-еуден аспауы керек. Сонымен қатар, мәслихат депутаттары, сайлау комиссиясының мүшелері немесе саяси мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын Қазақстан азаматы кандидаттардың сенім білдірген өкілі бола алады. Бұндай сенім білдірілген адамдар аудандық немесе қалалық сайлау комиссияларында тіркелуі және тиісті куәліктерін алуы тиіс», - дейді В. Жексембеков.
Сонымен қатар, кандидаттарға бюджеттен бөлінетін қаражаттан басқа, олардың әрқайсысы үгіт науқанына қатысты белгіленген тәртіппен құрылатын өз сайлау қорын құрып, соның қаражатын пайдалануға құқылы болады. Ал кандидаттардың сайлау қорының мөлшері 1 млн. 399 мың 500 теңгеден аспауы керек.