Әкімдікте жөндеу жұмыстарына байланысты Астанада қандай жолдар жабылатынын айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 тамыздан 1 қыркүйекке дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Жирентаев көшесі Петров көшесінен Мұңайтпасов көшесіне дейін толық жабылады, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдікте жөндеу жұмыстарына байланысты Астанада қандай жолдар жабылатынын айтып берді

«Қазіргі кезде Тәуелсіздік даңғылының Б. Момышұлы даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті жұмыстарды 10 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Нәжімеденов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Обаған көшесіне дейінгі бөлігіндегі жөндеу жұмыстары 28 тамызға дейін бітеді. Қарағанды тасжолынан тұйыққа дейін гольф-клубқа апаратын жолдағы қозғалыс 15 қыркүйекке дейін шектеледі. Досмұхамедұлы көшесінің Ақжол көшесінен тұйыққа дейінгі бөлігі 28 тамызға дейін жабық болады», - делінген хабарламада.

Жүргізушілер айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауға тиіс.