Әкімдіктер ветеринарлық препараттарды сақтаудың тиісінше шарттарын шұғыл қабылдауы қажет - Г.Исаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті атқарушы органдар ветеринарлық препараттарды сақтаудың тиісінше шарттарын шұғыл қабылдауы қажет. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева осылай деп мәлімдеді.
None
None

Оның атап өтуінше, 2012-2013 жылдары өңірлерде ветеринарлық іс-шараларды орындау үшін 199 аудандық ветеринарлық станса, 238 ветеринарлық пункт құрылып, қазіргі уақытта оларда шамамен 12 мың ветеринар жұмыс істеуде.

«Дегенмен, бүгінгі күні әкімдіктер ветеринарлық стансалардың 54 пайызын, ветеринарлық пункттердің 74 пайызын жеке ғимаратпен қамтамасыз еткен жоқ. Өкінішке орай, олар ғимаратқа бейімделген орындарға орналастырыған немесе жалға алып отыр, тіпті ғимаратпен қамтамасыз етілмегендері де бар», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, әкімдіктер әрбір  ветеринарлық станса мен пунктті екі камералы тоңазытқышпен, термосыйымдылықпен, термошабаданмен жабдықтауы тиіс. Ол үшін 2013-2014 жылдары 14,6 млрд. теңге қаржы бөлінген. Алайда, әлі күнге дейін Батыс Қазақстанда ветеринарлық препараттар температура режімін  өрескел бұзып, сақталуда. Ал Атырау, Жамбыл және Қостанай облыстарында препараттар ешқандай температуралық бақылаусыз сақталып отыр.

«Жергілікті атқарушы органдар ветеринарлық препараттарды сақтаудың шарттарын тиісінше орындаудың  шұғыл арада қажетті шараларын қолға алуы тиіс», - деп атап өтті Г.Исаева.

Соңғы жаңалықтар