Әкімдіктерге су тасқыны туралы 179 ескерту берілген
«Су тасқыны төтенше жағдайларының ықтимал теріс салдарының алдын алу мен азайту мақсатында азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйелерінің бөлімшелері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерінің, әкімдіктердің қызметкерлерінен құралған жұмыс топтары аудандар мен елді мекендердің су тасқынына әзірлігін бағалайды», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бүгінгі таңда әкімдіктердің су тасқынына әзір еместігі туралы 179 ескерту берілді. Әсіресе Павлодар (113), Түркістан (15), Ақмола (13), Батыс Қазақстан (10) облыстары тізім басында тұр.
«Әкімдіктер су тасқыны қатерлеріне толық дайын екенін хабарласа да, негізінен су тасқынының алдын алу шараларын ұйымдастыруға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тартылады. Мысалы Алматы облысы мен Абай облысында су айдау, қапшықтарды төсеу, арықтар мен өзен арналарын тазарту, қар шығару және қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстарын азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар атқарған», - деді Ю. Ильин.