Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасы Мәжіліс депутаттарының қолына тиді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімшілік іс жүргізу кодексі оған әкімшілік іс жүргізу қатынастарының субъектілері өкілеттік берген мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік даулар туралы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы нақты істерді шешу жөніндегі іс жүргізу қызметін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ аталған құжат әкімшілік соттарда адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін мемлекеттік органдардың заңсыз шешімдері мен әрекеттерінен қорғау тәртібін регламенттейді.
Кодекс жобасы «Жалпы ережелер», «Әкімшілік даулар бойынша іс жүргізу», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу» бөлімдерінен құралған. Кодекс жобасы 430 баптан тұрады.
Кодекс жобасын қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқпайды, ал әкімшілік жауаптылыққа тарту және соттардың әкімшілік дауларды қарауымен байланысты қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін болады.