Әкімшілік кедергілерді төмендету есебінен бизнес шығындары азайып, кәсіпкерліктің жаңа легі қалыптасады - Ө. Шөкеев

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Әкімшілік кедергілерді төмендету есебінен бизнес шығындары азайып, кәсіпкерліктің жаңа легі қалыптасады. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен «Өңір» депутаттық тобының отырысы барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев осылай мәлім етті,

Әкімшілік кедергілерді төмендету есебінен бизнес шығындары азайып, кәсіпкерліктің жаңа легі қалыптасады - Ө. Шөкеев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, Елбасының жүктеген тапсырмаларын табысты орындау әсіресе жергілікті атқарушы органдармен сындарлы жұмыс істеуге байланысты болып табылады. Бұл ретте әкімдіктерге «Бизнес-2020» бағдарламасымен бірге әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар берілетіндігін айтқан Ө. Шөкеев, осыған орай жергілікті әкімдерде өңірлік бизнесті дамыту үшін нақты қаржы құралдары болатындығын атап өтті.

«Экономиканың басымдық берілген секторында бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өндірісті шығарумен айналысатын бизнес өкілдері айтарлықтай қаржылық қолдау көреді. Бұндай кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауға сүйене алады деген сөз. Сонымен бір мезгілде, әкімшілік кедергілерді төмендету есебінен біз тек бизнес шығындарын ғана азайтып қоймаймыз, бұнымен қоса кәсіпкерліктің жаңа легін қалыптастыратын боламыз», деді Ө. Шөкеев.