Әкімшілік полиция комитеті қала көшелерінде отыратын музыканттарға қатысты түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев қала көшелерінде ән айтып отыратын музыканттарға қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бүгін Сенатта тілшілер комитет басшысына көшеде ән айтып отыратын музыканттарды орындарынын полицейлер үнемі қуып жүретінін айтты.

«Полицейлер көше музыканттарына ән айтуға мүмкіндік бермейді, отырған орындарынан үнемі қуып жібереді. Шетелде музыканттар кез келген жағалауда ән айтып отыра береді. Полицейлер музыканттарды заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыптап отыр», - деді журналистер.

Өз кезегінде Қайсар Сұлтанбаев егер музыканттар автокөлік көпірінде ән айтып отырса, бұл жағдай жүргізушілерге кедерге келтіретінін айтты.

«Ал басқа жерлерде музыканттардың өнеріне кедергі келтіру дұрыс емес деп санаймын. Егер жақында орналасқан үйдің тұрғындары шығымданса, онда полицейлер тиісті әрекет жасайтыны түсінікті. Жаяу жүргіншілер көпірінде ән айтып отырса, бұған ешқандай шектеу жоқ. Мен осы мәселені зерттеп шығып, осыған қатысты егжей-тегжейлі жауап берейін. Сондықтан қай жерде қандай оқиға болғаны жайында нақты фактіні қарастыру керек», - деді Әкімшілік полиция комитетінің басшысы.


Соңғы жаңалықтар