ӘКК-лар әлемдік үздік тәжірибеге сәйкес келетін заманауи стандарттарды белсенді енгізулері қажет - Экономикалық даму және сауда министрі
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Министрдің атап өтуінше, ӘКК-лардың қағидаттары бизнеске жәрдемдесуге басқа да қатысушылармен әріптестік (мысалы, қаржылық құралдарды қосарлау бойынша даму институттармен), инвестицияларды және де шығындарды белсенді басқару болуы қажет.
«Өз алдына әкімдіктер кейін оңалту (сауықтыру), қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту үшін қызметі коммерциялық бағдарланған сипаттағы барлық мемлекеттік активтерді кезең-кезеңмен беруі тиіс»,- деді ол.
Сондай-ақ Е.Досаевтың сөзіне қарағанда, ӘКК-лар корпоративтік басқару бөлігінде әлемдік үздік тәжірибеге сәйкес келетін заманауи стандарттарды белсенді енгізулері керек. «Бұл компанияның тиімділігін қамтамасыз етуге және ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді»,- деді министр.