ӘКК-лардың активтерін тиімді пайдалану өңірлердің дамуына көмектесе алады - Б. Жәмішев

қпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) активтерін тиімді және ұтымды пайдалану республика өңірлерінің және шағын және орта бизнестің дамуына көмектесе алады. Бұл жайында Қаржы министрлігінің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Болат Жәмішев айтты,

ӘКК-лардың активтерін тиімді пайдалану өңірлердің дамуына көмектесе алады - Б. Жәмішев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, әкімдердің әлеуметтік-экономикалық дамудың жағдайына және тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуге жауаптылығын ескере отырып, ӘКК-лерді бөлу арқылы қайта құру қажет және аумақтық тәндігін негізге ала отырып олардың активтерін бөлу керек. «Осыған байланысты Индустрия және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, Президенттің Жолдауында айтылған тапсырмаларын ескере отырып ӘКК-лердің мақсаттарын, міндеттерін, олардың қызметіндегі бірыңғай әдістерді анықтауы қажет», деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттің айтарлықтай активтері салынған шағын бизнестің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалардың артықшылығын сақтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде. «Аталмыш жобаларды жүзеге асыру және тапқан пайданы ӘКК-лер жұмыс жасайтын аумақтардағы халықтың әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын жүзеге асыру үшін қайтадан инвестициялау ӘКК-лердің негізгі міндеті болып қалуы тиіс», деді министр.