Аккредиттелген шетелдік байқаушылар саны 571 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аккредиттелген шетелдік байқаушылар саны 571 адамға жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.
None
None

«2016 жылдың 11 наурызындағы жағдайға сәйкес ҚР Орталық сайлау комисссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 454 байқаушысын акрредиттеді. Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның- 44, ТМД миссиясының - 293, ШЫҰ миссиясының - 9, ИЫҰ миссиясының - 3, Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының - 7, сонымен қатар 10 шет мемлекеттің 23 байқаушысы бар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, мұнан бөлек ҚР СІМ 28 мемлекеттен 117 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілін аккредиттеген.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының арасында «Austrian Press Agency», «Франс-Пресс», «Синьхуа», «ТАСС», «Томсон-Рейтер», «European Pressphoto» ақпарат агенттіктері, сондай-ақ «The Financial Times», «The Guardian», «Российская газета» газеттері, «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы, бірқатар телеарналар бар. Осылайша, қазіргі уақытта әлемнің 51 елінен 571 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредиттелді», - деді М.Сәрсембаев.

Соңғы жаңалықтар