«Аққу-Гәкку» әзіл-сықақ отауының продюсері Әзімхан Бердалының мерейтойлық кеші өтеді

АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 30 сәуір күні «Аққу-Гәкку» әзіл-сықақ отауының продюсері Әзімхан Бердалының 60 жылдығына байланысты мерейтойлық кеш өтеді.
None
None

«Алматы» концерт залында болатын бұл шараны «Мұрагер» продюсерлік орталығы ұйымдастырып отыр. Оған «Аққу-Гәкку», «Мафия мен Тақия», «Күлкі жәрмеңкесі», «Беймарал» театрлары мен Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұржан Тұтов сияқты театр саңлақтары қатысады. Сондай-ақ бұл кешті Шахизада, Бақыт Шадаева, Жеңіс Ысқақова, Сембек Жұмағалиев және Ару, «Каспий» топтары әнмен әспеттеп, сиқыршы Балтабек пен Раиса Жұмағұловтардың ұлы Олжас Балтабекұлы өз өнерімен таңқалдырмақ.

Әзімхан Бердалы Данагүл Темірсұлтанова, Гүлбаушан Тереубекова және Асқар Наймантаевтардың басын қосып «Аққу - Гәкку» театрын құрған продюсер. Ол бұған дейін «Тамаша» ойын-сауық отауында 20 жыл директор болып жұмыс жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар