Аққуды атқан Астана тұрғынына 360 мың теңге айыппұл салынбақ

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында аққуларға заңсыз аңшылық жасаған Астана тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Аққуды атқан Астана тұрғынына 360 мың теңге айыппұл салынбақ

Комитеттің СҚО аумақтық инспекциясы келтірген деректерге сәйкес, 27 қыркүйек күні шамамен таңғы 8-де СҚО Мәмлют ауданының Мәмлют су қоймасында сұңқылдақ түріне жататын үш аққу заңсыз атылған. 

null «Құқықбұзушылық фактісі бойынша Астана қаласының тұрғыны, 1987 жылы туған А.И. Пимоненко ұсталған. Күдіктіден Магнум мылтығы мен оның оқ-дәрілері, «Ниссан Мурано» маркалы автокөлік тәркіленді. Аталған факт СҚО Мәмлют ауданындық ІІБ-інде тіркелді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша келтірілген шығын көлемі - 360 750 теңге», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Комитеттің хабарлауынша, әрбір аққуға жасалған зақым үшін 50 АЕК (1 АЕК - 2 405 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.