Аққуды құтқарам деп өздері мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда өзеннің қауіпті учаскесінен аққуды құтқармақшы болған екі сүңгуір ажал құшты, деп хабарлады Би-би-си. Құтқару тікұшағы оларды жергілікті ауруханаға жеткізді, алайда екеуі де сол жерде көз жұмды.

Аққуды құтқарам деп өздері мерт болды

Льеж қаласындағы жергілікті тұрғыннан ағынмен ағып бара жатқан әлсіреген құсты байқаған қоңырау түскеннен кейін Урт өзеніне сүңгуірлер жетеді.

Қазіргі уақытта сүңгуірлердің неден қайтыс болғаны белгісіз. Өзенде су асты ағысы мен иірім жиі орын алады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар аққуды құтқарып үлгерген.