«Әкім ретінде идеал емеспін» – Ерболат Досаев жұмысы туралы
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылықтар Ерболат Досаевтан қала әкімі болған 2 жыл ішінде қандай істерімен мақтана алатынын сұрады.
Шаһар басшысының пікірінше, осы уақыт ішінде ол көп нәрсеге қол жеткізген.
«Мен шын ниетімен Алматының игілігі мен дамуы үшін жұмыс істеп келемін. Көп іс атқарылды, үлгермей жатқан жеріміз де бар. Бұл бөлек әңгіме деп есептеймін. Менің ойымша, оған уақыт табылады. Мәселе не ойлайтынымда емес, азаматтардың менің еңбегімді бағалауында», - деді Досаев.
Ол әкімдік алматылықтардың түйткілді мәселелерін сапалы шешуге тырысып жатқанын тілге тиек етті.
«Сұрақтар туындаса, соны шешуге тырысамыз. Мен де әкім ретінде идеал емеспін. Бірақ екі жыл әркелкі болды. Уақытым болған кезде бұл туралы айтатын боламын», - деп атап өтті шаһар басшысы.