Ақмарал Әлназарова бұрынғы министрдің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұрынғы министр Ажар Ғиният не себепті Ұлттық балаларды оңалту орталығын басқаруға барғанын түсіндірді.

ақмарал әлназарова
Фото: ҚР Үкіметі

«Ажар Ғиният өзінің медициналық біліміне қатысты жұмысты жалғастырғысы келді. Ол педиатр мамандығын меңгерген. Жаңа қызметін Ұлттық балаларды оңалту орталығында жалғастырады.

Оның халықаралық ұйымдармен жұмыс істеудегі әлеуеті, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінде атқарған жылдар ішінде жинаған саяси тәжірибесі орталықтың жұмысына тек оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», - деді А. Әлназарова. 

Оның айтуынша, аталған орталықтағы қызмет осыған дейін бос болған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ басшысы қызметіне Ажар Ғиния тағайындалды

Соңғы жаңалықтар