Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуін ауыстыру туралы: Кез келген мемлекет бұған бара бермейді

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуін ауыстыруға байланысты пікір білдірді.

Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуін ауыстыру туралы: Кез келген мемлекет бұған бара бермейді
Фото: Сенат

«Осы мәселеге байланысты Қазақстандағы, халықаралық қандай тәжірибелер бар, солардың бәрін зерттедік. Бұл жерде біздің үлкен ғылыми орталықтар бар – Адам физиологиясы орталығы, Астрофизика орталығы дегендей. Негізгі шешім ғылыми тұрғыдан зерделеніп, дәлелденген ақпараттарға сүйене отырып, шешім жасалды. Біз күтіп отырған алдағы нәтиже халықтың денсаулығына оң әсерін тигізеді деп білемін. Себебі адамдардың ғасырлар бойы қалыптасқан биологиялық сағаттары бар. Сол биологиялық сағат пен әкімшілік саттың екеуін теңестіруге барлық мемлекет бара бермейді», - деді ол білім саласын дамытуға арналған алқа мәжілісінің алдында.

Министрдің сөзінше, бұл уақыттың ауысуы адам денсаулығына оң әсер ету керек.

«Бұл бір жағынан азаматтардың денсаулығына пайдалы әсер еткенімен, кейбір жерлерде экономикалық тұрғыдан, жарыққа байланысты кейбір өзгерістер келуі мүмкін. Бірақ ең бастысы, мемлекетіміз осы мәселені халықтың денсаулығын жақсарту үшін қабылдап отыр. Сондықтан мемлекеттің бұл шешімін қолдаймын», - деді Ақмарал Әлназарова.