Ақмарал Науатбек Токиода парадзюдодан Гран-при турнирінде чемпион болды

ақмарал науатбек
Фото: Парадзюдо федерациясы

Жапония астанасы Токиода парадзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде Ақмарал Науатбек чемпион атанды, деп хабарлайды Kazinform

Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Ол финалда Токио паралимпиадасының жеңімпазы, әзербайжандық Шахона Хаджиеваны таза ұтты.

Сондай-ақ Қазақстан қоржынына екі күміс, бір қола медаль түсті.

Даяна Федосова J2 санаты бойынша 57 келіге дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Кусомхон Ходжаеваға есе жіберді.

Олжас Оразалыұлы 73 келіге дейінгі салмақта J2 санаты бойынша соңғы бәсекеде жапониялық Сето Хирокиге жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Тағы бір қазақстандық Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта отандасы Асылан Нұрдәулетовтен айласын асырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZ PARA JUDO FEDERATION (@kaz_para_judo)

Соңғы жаңалықтар