Әкімдіктер қаржыны перспективті спортшыларға бөледі – Серік Сәпиев

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық олимпиада комитеті бас хатшысының орынбасары, белгілі боксшы Серік Сәпиев еліміздегі жасөспірімдер спортының дамуына қатысты пікір білдірді.

канвон
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

«Менімше, мәселе кадрға келіп тіреледі, әңгіме бапкерлер туралы. Нәтижеге қол жеткізу үшін шетелдік бапкерлерді тартып, олардың тәжірибесін қолдану керек. Олардың жүйелі дайындық барысымен бөлісуі маңызды. Спортшылардың белгілі спорт түріне қызығушылығы бала немесе жасөспірім кезінен қалыптасады. Алдымен кадр мәселесін шешіп алу керек, бізде бапкерлер бар, бірақ олардың біліктілігі жетпей жатады. Дайындықтар үшін спорттық базалар жабдықталған, өкінішке қарай жасөспірімдер спортына қаржы жеткіліксіз. Жергілікті атқарушы органдар қаражатты өзін жеңіс тұғырынан көрсеткен, перспективті спортшыларға бөледі», - деді Серік Сәпиев.

Оның пікірінше, жас спортшыларды жоспарлы түрде дайындаса нәтиже болады.

«Бізде спортқа көңіл бөлу бойынша жасөспірімдер ортада. Аз ғана қаржы бөледі, ол аз. Спорттық жарыстарға қатысу үшін сапалы дайындық керек, оның артында қаржыландыру жатыр. Бұл жағдайда демеушілер қол ұшын созады», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық спортшылар Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер олимпиадасына аттанды. 

Соңғы жаңалықтар