Ақмешіт тау шатқалынан екі жігіт құтқарылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар қызметкерлері  тауға серуенге шығып, өздігінен түсе алмаған екі жігітті құтқарды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмешіт тау шатқалынан  екі жігіт құтқарылды

Облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мәліметінше, құтқару туралы хабарлама 12 мамырда кешкі сағат 20:30-да түскен. Онда 20 және 20 жастағы тұрғындар Төлеби ауданындағы  Ақмешіт тау шатқалына шығып, қараңғы түскенде қайта  түсе алмағандығы айтылған.  Оқиға орнына шұғыл құрамында 5 адамы бар жедел-құтқару жасағы мен  1 техника жіберілді. Іздестіру жұмыстары сағат 23.00-ге дейін жүргізіліп, қараңғы түскенде іздеу шаралары тоқтатылды. Таңертең сағат 05.15-те іздестіру тобы балалармен байланысты орнатып, сағат 07.25-те олардың қай жерде екенін анықталды. Таудан түсіру жұмыстары жүргізіліп, сағат 08.53-те студенттер шатқалдың аман-есеп түсірілді. Құтқарылғандардың екеуінің де  денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.  Төтенше жағдайлар қызметкерлері құтқару жұмыстарының бес сағаттан аса жүргізіліп, құламалы еңістерден күрделі болғандығын айтады. 
null 

    «Біздің мамандардың ауыр жағдайда қалған туристерге көмек көрсетуге және осыған ұқсас жұмыстарды жүргізу үшін қажетті дайындығы мен авариялық-құтқару жабдықтары бар. Жылдың басынан таулы аймақтарда 2 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 4 адам құтқарылды.  Оның ішінде екеуі - кәмелетке жетпеген жасөспірімдер», - дейді құтқару бөлімшесінің басшысы Павел Вишенин.

nullnull