Ақмола әкімі тұрғындардың шағымы бойынша бірқатар құрылыс нысандарын аралады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жақында жергілікті «Kókshe» телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында қонақ болған еді. Әкім эфир кезінде тұрғындар жолдаған шағымдар бойынша Көкшетау қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола әкімі тұрғындардың шағымы бойынша бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Студияға жолданған сауалдардың арасында «Сарыарқа» шағынауданы 11/3 мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйде лифт жұмыс істемейтіні сөз болған еді. Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, тұрғын үй құрылысы 2014 жылы басталып, 2016 жылы аяқталыпты. Жоба бойынша тұрғын үйге түркиялық лифт орнатылып, кейін оның механизмі жұмыс істемей қалған. Қазіргі кезде қала әкімдігі демеушілер есебінен қажетті 1,5 миллион теңге көлемінде қаражат тапқан. Мәлік Мырзалин қала басшылығына лифтіні 15 желтоқсанға дейін іске қосуды тапсырды.

«Тұрғындарға нақты бір мерзім керек. Желтоқсанның 15-іне дейін аяқталуы тиіс. Өзім келіп, тексеремін», - деді аймақ басшысы.

Ал, «Отау Сити» ТҚК құрылыс алаңында тұрғын үй құрылыс кооперативінің мүшелері 2 жыл бойы көздеген үйлеріне қол жеткізе алмай келеді. ПД акционерге қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.null  

Кездесуде мердігерлер құрылыс жұмыстарын қарашаның 1-нен бастап жандандыратынын айтты. Қаржыландыруда іркіліс болмаса, нысанды 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға беру жоспарланған. Мәлік Мырзалин кооператив мүшелеріне туындаған сұрақтарды түсіндіру қажеттігін айта келе, қала әкіміне құрылыс жұмыстарының барысы туралы айына бір рет ақпарат беріп отыруды тапсырды.

Сонымен қатар, әкім Краснояр бағытындағы жолдың бойында салынып жатқан оқу-тәрбие кешенінің құрылыс алаңында болды. Сол аумақтағы тұрғындар құрылыс жұмыстарының тоқтап қалғанына алаңдаған еді. Геологиялық барлау жұмыстарының сәйкес келмеуіне байланысты жоба түзетуге жіберіліпті. Қазір кезде жұмыс жобасы жасалып, құрылыс жандана бастады.

Аймақ басшысы қала басшылығы мен мердігер ұйымға нысанды 2019 жылдың 1 қыркүйегінде белгіленген мерзім ішінде пайдалануға беруді тапсырды. null

Сонымен бірге, Мәлік Мырзалин аталмыш жолдың бойында әр жүз метр сайын қоқыстардың үйіліп, шашылып жатқанын көріп, қала басшылығына сын айтты. Тез арада қоқыстарды тазартып, қала тазалығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Есенберлин көшесінің бойында өткен жылы пайдалануға берілген спорт алаңын барып көрді. Бұл спорт алаңы да мердігерлердің сапасыз жұмысының салдарынан бір жыл өтпей жатып, пайдалануға жарамсыз болып қалған. Яғни, жасанды жамылғылары қопарылып, жыртылған. Мердігер ұйым өткен жылы облыс орталығында барлығы 13 спорттық және 8 балалар алаңын салыпты. Аймақ басшысы бұл алаңдарды да бақылауға алуды тапсырды. Өз кезегінде қала әкімі Ермек Маржықпаев кемшіліктер мердігерлер тарапынан кепілдендіру міндеттемелері шеңберінде жойылатынын атап өтті.