«Ақмола барысы» самбодан Əлем кубогында қола жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полиция капитаны Нұрлан Жамалов самбодан Əлем кубогы кезеңі үшін жарыста қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.
None
None

Астана қаласында "ЭКСПО-2017" көрмесі шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін самбодан Əлем кубогы кезеңі өтті. 

Жарысқа әлемнің 20 елінен келген 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында болған ақмолалық Нұрлан Жамалов 90 келі салмақта Ресей және Грузия спортшыларын алға жіберіп, жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Еске сала кетейік, Нұрлан Жамалов 18 жасынан спортпен шұғылданып келеді. Қарағандыдағы Б.Бейсенов атындағы ІІМ заң институтының түлегі 2006 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет істеп келеді.

Қазақ күресінен, самбодан халықаралық дəрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен ҚР Халық ойындарының жеңімпазы (2011), қазақ күресінен ҚР Спартакиадасының қола жүлдегері (2011), қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2008). Төрт дүркін «Ақмола барысы» атағын жеңіп алған.

Сонымен қатар, Нұрлан алда Ашхабад қаласында өтетін Азия ойындарында Қазақстан республикасының намысын қорғайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар