Ақмола дәрігерлері өңешсіз туған баланың өмірін сақтап қалды
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша өткен жылдың 14 желтоқсанында Ақмола облыстық перинаталдық орталығында асқазан-ішек құрылысында, өңеш, өкпе және буйрегінде кемістігі бар сәби дүниеге келді.
Сәби бірден Ақмола облыстық балалар аурханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлер шұғыл ота жасады. Бөлімшенің меңгерушісі Елена Иванова, бас дәрігердің хирургия бойынша орынбасары Нұрлан Түсіпбеков, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ернар Қожабеков, дәрігер - хирург Болатхан Қазтаев, патология және жаңа туған балалар бөлімшесінің меңгерушісі Раиса Кенжебекованың кәсіби біліктіліктерінің арқасында сәби аман қалды. Дәрігерлер сәбиге тамақтану үшін пластик өңеш, жасанды ауыз қуысы (қорыту жүйесінің басталар мүшесі) салды.
«Қазір бала үйіне жіберілді. Алты ай өткен соң Ұлттық ғылыми орталықта жасанды өңеш орнату бойынша ота жасау жоспарланған», деп түсіндірді бас дәрігердің хирургия бойынша орынбасары Нұрлан Түсіпбеков.