Ақмола диқандары күзгі егін орағын аяқтады
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан мәлім еткендей, жауапты науқанды Еңбекшілдер, Жарқайың және Ақкөл аудандарының диқандары қарқынды өткізді.
«Облыс бойынша 4,3 миллион гектар алқаптан 5,1 миллион тоннадан астам астық жинап алынды. Облыс бойынша гектар берекесі орташа 11,8 центнерден айналды. Ал Сандықтау ауданында бұл көрсеткіш 17 центнерге жетті. Сонымен қатар, келер жылға қажетті 522,8 мың тонна тұқым қоры жасалды.
Науқанды уақытылы әрі жақсы көрсеткішпен аяқтауға Сандықтау ауданының «Свободный» серіктестігі, Есіл ауданының «Заречный» серіктестігі, Жақсы ауданының «Труд» серіктестігі, Аршалы ауданының «Ижевский» өндірістік кооперативі, Астрахан ауданының «Фермер-2002» серіктестігі сынды шаруашылықтар өз үлестерін қосты», - делінген таратылған хабарламада.