Ақмола дивизиясының Жауынгерлік Туы туған жерге қайтарылады

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін халықаралық Астана әуежайында Ақмола дивизиясының Жауынгерлік Туын қазақ жеріне қайтару іс-шарасы өтеді. Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр.
None
None

Кеше батыр-қала Волгоградта Астана қаласы ресми делегациясының «Іздеу» тобы мүшелері тапқан 72-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туын беру салтанаты өтті.

Волгоград қаласына әскери ұшақпен ұшып барған қазақстандық делегация құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, интернационалист-жауынгерлер, Республикалық әскери мектептің кадеттері, ҰҚК ШҚ мен ҚР ҚК офицерлері, ардагерлер кеңесінің, «Нұр Отан» партиясы мен БАҚ өкілдері болды.

72-ші Гвардиялық дивизия Қазақ КСР-інің Ақмола қаласында 1941 жылдың күзінде КСРО Халық комиссарлары қорғанысының 29 атқыштар дивизиясы деген атпен жасақталды. Дивизияның жеке құрамына Сталинград шайқасында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Гвардиялық атағы берілді. Кейін олар 72-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта аталды.

72-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туын Астана қаласына жеткізу бұл - Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтардың Жауынгерлік Тудың астында бірігіп, жауға қарсы айқасқанын білдіретін Қазақстан тарихындағы тұңғыш оқиға.

Бұл Ту келешек ұрпақ үшін Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің Ерлігі мен Қаһармандығының, өз Отанына деген шексіз берілгендігі мен сүйіспеншілігінің нышаны ретінде қызмет ететін болады.

Соңғы жаңалықтар