Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында найзағай жарқылдайды.

12 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

12 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады. Таңертең және күндіз желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.