Ақмола мен Қарағанды облыстарын су басу қаупі күшейіп келеді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Ақмола мен Қарағанды облыстарын су басу қаупі күшейіп келеді - ҚР ТЖМ

«Серік Нығметұлы, жалпы Ақмола мен Қарағанды облыстары бойынша су тасқыны ахуалы барынша күрделеніп келе жатқандығын атап өткім келеді. Өйткені қар жылдам еріп жатыр. Екі облыстың да аумағында ағын су бар әрі бірқатар елді мекенді су басты. Анықтамалар дайындалуда, сәйкес үлгіде беретін боламыз», - деді ол.

В.Божконың атап өтуінше, төтенше жағдайлар ведомствосының барлық күш-құрылымдары су тасқынының алдын алуға жұмылдырылған. Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде.

«Зардап шеккен барлық азаматтарға көмек көрсетуге тырысамыз», - деді министр.