Ақмола мен Қостанай облыстарындағы жолдар қайта ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 бағыттағы республикалық жолдарға қойылған уақытша шектеу алынды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Ақмола облысындағы мына жол учаскелері қайта ашылды:
- «Екатеринбург-Алматы» тасжолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;
- «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» тасжолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
- «Жезқазған-Петропавл» тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін;
Ал, Қостанай облысында мына жол учаскелеріндегі уақытша шектеу алынып тасталды:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының Октябрьский ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық;
«Жезқазған-Петропавл» күре жолының Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы.
Қоса кетейік, бірер сағат бұрын Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті күн райына байланысты елордадан шығатын бірнеше тасжолдың жабылғанын хабарлап еді.