Ақмола мен Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола мен Қостанай облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

17 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады, көктайғақ байқалады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Сейсенбіле Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

17 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с жетуі мүмкін.

Сол күні күндіз Қостанай қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с дейін жетеді.


Соңғы жаңалықтар