Ақмола мен Курган облыстары əріптестікті дамытуға уағдаласты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин мен РФ Курган облысының губернаторы Алексей Кокорин Челябинск қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мəдени əріптестікті дамыту жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тараптар өз құзыреттері шеңберінде ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге өнімдерін саудалауға, мал тұқымын асылдандыруға жəне агротехнологияны дамытуға қолдау көрсетпек.

Сонымен қатар тараптар бірлескен іс-шараларға (жəрмеңке, көрме, форум жəне конференциялар) атсалысуға уағдаласты.
Осы ретте, Мəлік Мырзалин екіжақты туризмді дамыту мəселесіне көңіл бөлді.

"Ақмола облысы ірі туристік орталық болып саналады. Біз Ресейден келетін туристер ағынына басымдық беріп отырмыз. Бізге келетін туристердің 30 пайызы шекаралас Курган, Омбы жəне Түмен облыстарының тұрғындары. Кургандықтар үшін есігіміз әрдайым ашық", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар Курган облысының губернаторы Алексей Кокорин де сауда-өнеркәсіптік жəне əлеуметтік саладағы ынтымақстық туралы айтып өтті.

"Біз осыған дейінгі келісімді жаңарту туралы келістік. Енді барлық салалар бойынша "жол картасын" жасайтын боламыз", - деді Алексей Кокорин.

Еске сала кетейік, Ақмола мен Курган облыстары 5 жыл бойы ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Жаңа құжат соны нығайтып қана қоймай, одан əрі дамытуға мүмкіндік бермек.

null 

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысу үшін Челябинск қаласына келді .

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Соңғы жаңалықтар