Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғындары үйлерді су басып жатқанына шағымданды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының Аршалы ауданы, Анар стансасының жергілікті тұрғындарынан 1403 байланыс орталығына жол астындағы құбыр су жіберіп, үйлерді су алып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

су басты
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Бұл туралы «ҚазАқтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, мамандар дереу тұрғындармен хабарласып, ол аумақтағы құбырлардың таза, қалыпты жұмыс істеп тұрғанын баяндады. Тек еріген қар суы төменде орналасқан үйдің маңында жинақталғаны анықталды.

«ДЭУ 47 мамандары суды басқа бағытта ағызу үшін траншеяларды қазу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жол тәулік бойы филиал мамандары тарапынан бақылауға алынды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар