Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

Тағайындау
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

КӨКШЕТАУ.KAZINFORM — Ақмола облысы әкімінің өкімімен Джанет Қанатұлы Микишев Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Джанет Қанатұлы 1987 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған, білімі жоғары, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Франция Республикасының Лотарингия университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы Астана қаласының «ҚазҚСҒЗЖИ» РМК маманы болып бастаған.

Тағайындалғанға дейін Астана қаласы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, бұдан бұрын жаңадан құрылған Алатау қаласына әкім тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар