Ақмола облысында 12 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысының Бурабай ауданында бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған 12 жастағы қыз ауруханада жатыр.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 14 қыркүйекте Щучье қаласында болған.
«Бурабай аудандық полиция бөлімінен хабарлағандай, оқиға осы жылдың 14 қыркүйегінде Щучье қаласында болды. Алдын ала анықталғандай, 12 жасар қыз 5-ші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кетті. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, қыздың емдеу мекемесіне жатқызылғанын хабарлаймыз», — деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабай кентінде 4 жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен болатын.