Ақмола облысында 182 кәсіпкерге 7 млн теңгеден астам қаржысы қайтарылды

Ақмола облысының табиғатты қорғау прокуратурасы қоршаған ортаға эмиссия үшін салықтың жоғарылатылған сомасын өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

кәсіпкер
Фото: ҚазАқпарат

Прокуратураның шараларымен кәсіпкерлерге 7 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды


Бас прокуратураның мәліметінше, салық 2020 жылғы 8 сәуірде нақтыланған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша есептелген, алайда 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша қолданылуы тиіс болған.

"Нәтижесінде, қолданылатын АЕК мәндері арасындағы айырмашылық 127 теңгені немесе 2 651 теңгеден 2 778 теңгені құраған.

Салық төлеушілердің бюджетке төленетін міндетті төлем мөлшерін дұрыс есептеу міндеттеріне қарамастан, олар прокурордың араласуына дейін бұзушылықтарды жою бойынша шараларды өз бетінше қабылдамаған", - деп жазды бақылаушы орган.

Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсыным бойынша 182 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалып, оларға 7,2 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды, ал салықтарды есептеудің негізсіз тәжірибесі жойылды.