Ақмола облысында 242 түлек «Алтын белгіге» үміткер

алтын белгі
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында 242 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне және 365 түлек үздік аттестатқа үміткер.  

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Ақмола облысында 138 268 оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 4 967 түлек 11-сыныпты бітіреді.

«Биылғы оқу жылында Ақмола облысында орта мектепті бітіретін 242 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне және 365 түлек үздік аттестатқа үміткер. Сонымен бірге өңірде негізгі мектепті, яғни, 9 сыныпты аяқтайтын 12 693 (2023 жылы – 12 043) түлек болса, оның ішінде 863 бала үздік аттестатқа бітірушілер», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі су тасқыны болған аймақтарда тұратын түлектер қорытынды емтихандарды тапсырудан босатылмайды. 11 сынып үшін қорытынды аттестаттау 28 мамыр-11 маусым аралығында, 9 сынып үшін қорытынды аттестаттау 29 мамыр-10 маусым аралығында өтеді. 

Ал, бірқатар өңірде су тасқыны кезінде Төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу 25 мамырдан 12 шілдеге дейінгі аралықта өткізілетін болды. Қалған өңірлерде тестілеу 2024 жылғы 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өткізіледі. 

Айта кетсек, бұдан бұрын елімізде биыл 186 мың түлек мектеппен қоштасатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар