Ақмола облысында 39 жастағы ер адам суға батып кетті

АСТАНА.KAZINFORM – Марқұмның денесін Астана қаласынан келген сүңгуірлер алып шықты.

Қарағанды облысындағы өзенде 15 жастағы қыз бала суға батып кетті
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусымда Ақмола облысының Целиноград ауданында болған.

– 1987 жылы туған ер адам достарымен бірге демалып жүрген. Ол Қоянды су қоймасының тыйым салынған аймағында шомылған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас болған, - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Жүзу кезінде ер адам суға батып кеткен. Демалушылар оны таба алмады. Оның денесін Астана қаласынан келген сүңгуірлер алып шықты.

Айта кетейік, Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның мәйіті 9 шақырым қашықтықтан табылды.