Ақмола облысында 58 млн теңге жымқырған есепші 7 жылға сотталды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысындағы 58 млн теңге жымқырған есепшіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөзө қызметі.

аудит
Фото: freepik

Баспасөз қызметінің мәлімсеттеріне қарағанда, прокуратура Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдиниет Үйі» МККК-ның қызметіне тексеру жүргізіп, есепшінің кәсіпорыннан 58 млн теңгеден астам бюджеттік қаражатын жымқырғанын анықтады.

Еспеші қаржыны өзінің банктік шотына заңсыз аударған.

Нәтижесі бойынша аудан прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жіберілген.

Сот үкімімен мәдениет үйінің есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылған. ҚК-тің 74-бабына сәйкес, жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енбеген.

Осыған дейін Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқыру ісі бойынша үкім шыққан болатын.