Ақмола облысында 65 шақырым жол жөнделіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар «Макинск – Ақсу – Торғай» автожолының 175-240 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

а
Фото: ҚазАвтоЖол

Жөндеу жұмыстары қамтылған учаскенің жалпы ұзындығы 65 шақырымды құрайды. Жобаны іске асыруға 42 маман мен 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта орташа жөндеу аясында:

  • 53,5 шақырым жол жабыны жонылды;

  • 26 100 текше метр көлеміндегі жол ақаулары жойылды;

  • 49,16 шақырымда суық жону әдісімен негіз қабаты төселді;

  • 48 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасының төменгі қабаты салынды;

  • 32 шақырымда майда түйіршікті асфальтбетон қоспасының үстіңгі қабаты төселді.

- Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жаңарту аясында бірнеше су өткізгіш құбыр орнатылды. Жол жиегін құм-қиыршықтас қоспасымен нығайту жұмыстары да қатар атқарылып жатыр, - деп түсіндірді ҚазАвтоЖолдан.

Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жолдың беріктігін арттырып, пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жол биыл толығымен аяқталатыны хабарланды.